Дивагестия®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Диеногест
Құрамы
Таблеткалар 2 мг
Қолданылуы
– эндометриозды емдеуде
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының кез келген күні бастауға болады. Тәулігіне бір таблеткадан, дұрысы әр күні белгілі бір уақытта, қажет болса сұйықтықпен іше отырып үзіліссіз қабылдайды. Таблеткаларды қынаптан қан кетуіне қарамастан, үздіксіз қабылдау қажет. Бір қаптаманы аяқтағаннан кейін келесі қаптамасын қабылдауды таблеткаларды қабылдаудағы үзіліссіз бастайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Төменде атап-көрсетілген жай-күйлердің кез келгені болғанда Дивагестия препаратын қолдану қарсы көрсетілімді, олардың жартысы құрамында тек гестагенді компонент бар барлық препараттарға ортақ болып табылады. Егер осы жай-күйлердің қандай да бірі Дивагестия препаратын қолдану аясында өрбісе, аталған препаратпен емдеуді дереу тоқтату керек.
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
– венаның тромбоэмболиялық бұзылулары
– қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі жүрек және артериялар аурулары (оның ішінде миокард инфарктісі, ми қан айналымының бұзылуы, жүректің ишемиялық ауруы)
– тамыр асқынуларымен қант диабеті
– қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың ауыр сипатты аурулары, бауыр функциясының көрсеткіштері қалып шегіне келетін сәтке дейін
– қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі)
– жыныс стероидтарына тәуелді анықталған немесе күмән тудыратын гормонға тәуелді қатерлі ісіктер
– генезі түсініксіз қынаптан қан кетулер
– галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
ҚР-ДЗ-5№025135, №N041775 16.08.2021 ж. бастап (16.08.2026 ж. дейін)
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз