Сэлтфар – Ұлыбританияда құрылған тәуелсіз фармацевтикалық компания. Фармацевтикалық саланың барлық кезеңдерінде жұмыс тәжірибесі бар Сэлтфар Қазақстан Республикасында көптеген жылдар бойы жоғары сапалы фармацевтикалық өнімді ілгері жылжытады.
Біз емделушіге қамқорлықпен және мейірімділікпен қарап, оны қызметіміздің негізі деп білеміз. Біздің миссиямыз – емделушінің мүдделері бірінші дәрежелі мәнге ие болат, қолжетімді және сапалы дәрілер бар болашақ жайлы қамқорлыққа жәрдемдесу.
Біз этиканы іскерлік қызметіміздің ажыратылмас бөлігі деп санаймыз. Біз клиентімізді және бізбен бірге жұмыс істейтін адамдарды құрметтейміз және күн сайын өзара әрекеттесетін болмыстарды түсіністікпен қабылдаймыз.
Қазіргі таңда Сэлтфар гастроэнтерология, гинекология, аллергология, урология, суық тию тұмау, кардиология, педиатрия және басқалар сияқты түрлі терапевтикалық салаларда дәрілік препараттарды ұсынады.
Біздің адал және жоғары білікті мамандарымыздың кәсіби командасы қарқынды дамып келе жатқан фармацевтикалық нарықтың жаңа міндеттерін тиімді шешуге қабілетті.
Біздің серіктестеріміз Ұлыбританияның, Грецияның, Нидерландтардың, Италияның, Португалияның, Испанияның, Исландияның, Румынияның, Израильдің және Турцияның жетекші фармацевтикалық компаниялары болып табылады. Серіктестерімізбен синергия бірлескен өркендеу үшін алғышарт және де негізгі даму элементі болып табылады.