Аллергиз®
Мұрынға арналған ұнтақ бүркігіш табиғи компоненттерден ғана тұрады.
Құрамы
Өсімдіктен жасалған целлюлоза ұнтағы және ащы жалбыз ұнтағы.
Аллергендерді сүзгілеу арқылы мұрынға арналған бүркігіш тыныс алатын ауаның сапасын жақсартады. Сондықтан, тек тазартылған ауа өкпеге түседі. Аллергиз® мұрынның шырышына түсіп, жұқа мөлдір гель тәрізді үлдірін қалыптастырады. Ол мұрын қуысын төсеп, шаң-тозаңға, микробтарға және басқа аэроаллергендерге табиғи кедергі болады.
Аллергиз® организмге қорғаныс механизмін жасауға көмектеседі. Оның арқасында ауадағы аллергендер блокталады. Сол себепті аллергия себептеріне әсер етіп, аллергиялық реакцияларды жояды.
Бір құтыда 200 дозаға дейін бар және қолданысы 30 күнге дейін есептелген.
Қолдану аясы
Аллергиз® маусымдық, жыл бойғы ринитті емдеу мен профилактикасы үшін қолданылады және аэроаллергенге табиғи кедергі қызметін атқарады:
– өсімдіктер тозаңы
– тұрмыстық аллергендер (үй шаңы кенесі, тұрмыстық шаң)
– саңырауқұлақша аллергендері
– жануарлар мен құстардың эпидермальді аллергендері
– тарақандар мен басқа жәндіктердің аллергендері
– тыныс алғанда мұрын қуысына түсетін химиялық аллергендер мен басқа микробөлшектер.
Қолдану тәсілі
Ересектердің бақылауында 1,5 жастан асқан балаларға, ересектерге, жүкті және емізетін әйелдер қолданады.
Әдетте, аллергия симптомдарын тоқтату үшін күніне 3 реттен әр танауға бір реттен шашса жеткілікті.
Аллергиз®-ді әр қолданар алдында құтыны шайқау керек.
Қарсы көрсетімдер
Целлюлоза мен жалбызға аса сезімтал кезінде қолданбаңыз.
Шығару түрі мен қаптама
Патенттелген дозаторы мен бұралатын қақпағы бар полиэтиленнен жасалған құты.
ҚР-МБ(ММБ)-5№017373, №N044792 (мерзімсіз)
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз