
Гиадеваль®
Гиадеваль® шырышты қабығының қайтадан эпителийленуін және жазылу үдерісін жылдамдатуға арналған жағдайларды жасай отырып, қорғаныс әсерін қамтамасыз етеді, әйелдің жыныстық аумағының рН физиологиялық деңгейін қалпына келтіреді, патогендік микроорганизмдердің көбеюіне қарсы әсер етеді.
Медициналық бұйымның атауы
Гиадеваль®, қынаптық суппозиторийлері, 2,7 г, №10
Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы
Әрбір суппозиторийдің құрамы: эпигаллокатехин-3-галлат, гиалурон қышқылының натрий тұзы 10 мг, жебіршөп жапырақтары мен гүлінің тұнбасы, виргин гамамелисі жапырақтарының тұнбасы, қырмызыгүл гүлінің гликольді экстрактісі, жабайы сәбіздің майлы тұнбасы, Перу бальзамы, гексилрезорцин, жартылай синтетикалық глицеридтер, тальк, диэтиленгликольдің моноэтилді эфирі, кремнийдің коллоидты қостотығы.
Сипаттамасы: қынаптық суппозиторийлері. Медициналық бұйым, дәрілік зат емес. Өндірушінің сипаттамасы № INN01V.
Құрамдас бөліктері және олардың функционалдық қасиеттері:
Эпигаллокатехин-3-галлат – жазатын тұтқыр, қорғайтын, зеңге қарсы, қан тоқтататын әсері бар дәрі. Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің ағзалары мен тіндеріндегі, гормоналды емес стимулдармен шартталған жасушалардың патологиялық өсуінің алдын алады. Жаңа қан тамырларының (неоангиогенез) түзілуінің және олардың миоматоздық түйіндерде одан әрі өсуіне кедергі келтіреді. Операциядан кейінгі кезеңде, эндометриоидты жылауықтарының қайтадан пайда болу қауіпін төмендетеді.
Тиімді қабынуға қарсы дәрі болып табылады, антибиотиктердің әсерін күшейтеді және тұрақты микроорганизмдердің олардың әсерлеріне қарсы сезімталдығын арттырады. Еркін радикалдардың пайда болуларын бейтараптандыра отырып, айқын антиоксиданттық әсерге ие.
Гиалурон қышқылының натрий тұзы – судың молекулаларының үлкен мөлшерін ұстауға қабілеттілігінің нәтижесінде, жоғары ылғалдандырғыш қасиетке ие. Қынаптың шырышты қабығының зақымданған бөліктерінің қалпына келуіне көмектеседі. Биологиялық майлағыштың негізгі компоненті бола отырып, патогендік микроорганизмдерге қарсы «тосқауыл әсерін» жасайды.
Жебіршөп (Қарапайым жебір) – антисептикалық, иіссіздендіргіштік, фунгицидтік қасиеттерге ие.
Виргин гамамелисі (тұнба) – жатыр мойнының тамыр қабырғасын сергітеді, қабынуға қарсы қасиеттерге ие.
Қырмызыгүл экстрактісі – антисептикалық және жараның жазылуына әсер етеді.
Жабайы сәбіз мацерасы (майлы тұнба) – тіндердің қалпына келулеріне, ылғалдануларына және созылғыштығының жақсаруына көмектеседі.
Перу бальзамы – қынаптың қышуы жағдайында жеңілдетуші және тыныштандырушы қасиеттерге ие эфир майларының қоспасы.
Гексилрезорцин – жазылуды жылдамдатуға арналған гигиеналық және кератологиялық әсерге ие.
Шығару түрі
Әрқайсысының салмағы 2,7 г болатын 5 суппозиторийден, төменгі тығыздықтағы поливинилхлорид пен полиэтиленнен жасалған қаптамада. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар 2 қаптамадан, картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Медициналық мақсаттағы бұйымның қолдану саласы және тағайындалуы
Гинекология. Қолданылуы:
- жедел және созылмалы вульвовагиниттерде;
- цервициттер;
- әртүрлі этиологиядағы қарапайым немесе инфекцияланған жатыр мойнының эрозиясы;
- лейкоррея (бөлу);
- вульваның қышуы және қынаптың құрғауы кезінде.
Күтілетін клиникалық артықшылықтарын, емнің соңында вагиниттің белгілері мен симптомдарының жоғалуы немесе азаюы бойынша анықтауға болады. Өнімді дұрыс қолданған кезде оның құрамындағы гиалурон қышқылы қорғаныс қабығын жасайды, қынаптың шырышты қабығының зақымдалған жерлерін қалпына келтіруге көмектеседі, эпителиализацияға ықпал етеді және емдеу процестерін қалыпқа келтіреді.
Қолдану
- жедел және созылмалы вульвовагиниттік, цервициттік, бактериялық вагинозда, спецификалық емес кольпиттерде және қынаптың басқа қабыну жағдайында, вульва қышуында;
- әртүрлі этиологиядағы цервикальді эрозияларында;
- әйелдердің босанғаннан кейінгі жыныс мүшелерінің шырышты қабығын қалпына келтіру үшін;
- қынаптың климакстық кезеңіндегі және медициналық әрекеттерден туындаған менопауза жағдайындағы құрғақтығында, шырышты қабықты қалыпты жағдайда ұстау үшін;
- шырышты қабықты қынаптың қабырғаларының, жатыр мойнының және денесінің төмен түсуі бойынша операциялардан; түсіктен; жатыр мойнына және қынапқа диатермокоагуляция, лазерлік терапия және криотерапия жүргізгеннен кейін, оның ішінде пластикалық реконструктивтік және косметикалық әрекеттерден кейін қалпына келуі үшін;
- қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығының атрофиялық және дистрофиялық өзгерулері жағдайында, оның ішінде химиотерапиядан және иондаушы сәулеленуден кейін.
Қолдану тәсілі және дозалары:
Суппозиторийді қынапқа кешкісін 10-15 күн бойына, күніне 1 рет салу ұсынылады. Қолдану етеккір циклының соңында ұсынылады. Мұқият интимдік гигиенаны жүргізгеннен кейін, кешке, ұйықтар алдында бір суппозиторийді алыңыз, оны блистерге арналған қаптаманың екі жиегін бөліп босатыңыз, арқада жатқан қалыпта, аяғыңызды бүгу арқылы қынапқа терең салыңыз.
Медициналық бұйымды қолдану барысындағы сақтық (қауіпсіздік) шаралар және шектеулер бойынша ақпарат
Тек қынап ішіне қолдану қажет. Нұсқаулықта көрсетілгеннен өзге, басқа енгізу жолдарын пайдалануға болмайды. Жұтпаңыз. Медициналық бұйымды жұтып қойған жағдайда, дереу дәрігерге немесе жедел жәрдем бөлімшесіне жүгініңіз. Көзге тиюіне жол бермеңіз. Егер қаптамасы бүлінген болса, өнімді пайдаланбаңыз. Медициналық бұйымның құрамында бояуға арналған сәбіз майы бар: ол табиғи компонент болғандықтан, әр серияда және сақтау мерзімінің соңына қарай суппозиторийлердің түсінде болар-болмас өзгешеліктер болуы мүмкін.
Қолдануға қарсы көрсетілімдері
- Пайдаланушыда немесе серіктесінде Гиадеваль® препаратының кез келген компонентіне жоғары сезімталдық (аллергия) болған жағдайда, қолдануға болмайды.
- Ұзақ қолданбаған дұрыс. Ұсынылған дозасын арттырмау керек.
- Жүктілік немесе лактация кезінде пайдалануға болмайды.
- Мүшеқаптармен үйлесімділігі тексерілмегендіктен, жыныстық қатынастың алдында пайдаланбаңыз.
- 18 жасқа толмаған пациенттерге қолдануға болмайды. Педиатриялық науқастарда пайдаланбаңыз.
- Басқа медициналық бұйыммен немесе басқа дәрілік затпен қатарлас жергілікті ем кезінде пайдаланбаңыз.
Ұзақ қолданылған немесе кез келген жағымсыз құбылыс дамыған жағдайда, суппозиторийлерді қолдануды тоқтату және дәрігерге жүгіну керек.
Сақтау шарттары
Жылу көздерінен қашықта 25°C-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Пайдаланғаннан кейін утилизациялауға айрықша талаптар жоқ.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
ҚР ДСМ МФБК шешімі N065819, 01.08.2023
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз



