
Aвирутус
Авирутус® құрғақ және ылғалды жөтелді (соның ішінде аллергиялық жөтелді және шырышты қабықтың тітіркенуінен туындаған жөтелді) кешенді емдеуге арналған. Препарат қабынуды басып, тамақты жұмсартады және тыныштандырады, сондай-ақ қақырқты суйылтып, оның оңай шығуына ықпал етеді.
Исланд мүгі, бақажапырақ және глицерин негізіндегі мукоадгезивті формула құрғақ және ылғалды жөтел кезінде қорғаныш қабық түзеді. Құрамында қант, спирт және глютен жоқ.
Медициналық бұйымның атауы
Авирутус. Жөтелге қарсы шәрбат. Стиктегі моно-доза 5 мл-ден, №12 немесе 16 стик.
Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы
Құрамы:
Жолжелкен экстрактісі, исланд мүгінің экстрактісі, глицерин, тазартылған су, сорбитол, ксантан шайыры, гидроксипропилметилцеллюлоза, хош иістендіргіш, лимон қышқылы, калий сорбаты. Құрамында қант жоқ. Құрамында глютен жоқ. Құрамында лактоза жоқ.
Сипаттамасы: Бір стиктің ішінде бір реттік доза болады.
Шығарылу түрі:
Стиктегі моно-доза 5 мл-ден. № 12 немесе 16 стик пакет нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынады.
Өндірушінің FTP.80 сипаттамасына сәйкес өндіріледі
Тұтынушылар үшін медициналық бұйымды қолдану саласы мен тағайындалуы
Қолданылу саласы
Педиатрия. Оториноларингология
Тағайындалуы
Авирутус құрғақ және ылғалды (аллергиялық және тітіркендіретін) жөтелді, сондай-ақ, тамақ ауыруын емдеуге арналған.
Авирутус жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсер береді, қақырықтың тұтқырлығын азайтады және оның шығуын жеңілдетеді.
Авирутустың мукоадгезивтік формуласы, құрамындағы полисахаридтер арабиноза мен галактоза мөлшерінің жоғарылығы арқасында, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын бүркемелеп және оны тітіркендіргіштермен жанасудан қорғай отырып, қорғағыш бөгет ретінде әсер етеді, ол құрғақ және тітіркендіретін жөтелдің азаюына, және микрозақымданулардың қалпына келуіне ықпал етеді.
Қолдану тәсілі және дозалары
2-5 жас шамасындағы балаларға: стиктегі 1 моно-доза тәулігіне 2-3 рет.
6-12 жас шамасындағы балаларға: стиктердегі 2 моно-дозадан тәулігіне 2 рет.
Медициналық бұйымды пайдалану кезінде сақтық (қауіпсіздік) шаралары және шектеулер бойынша ақпарат
- Стикті ашқаннан кейін оның ішіндегісін түгел пайдаланыңыз.
- Егер бір апта пайдаланудан кейін симптомдары сақталып қалса, дәрігермен кеңесіңіз, ешбір жағдайда 15 күннен артық қолданбаңыз.
- Шәрбаттың компоненттерінің кез келгеніне аллергия немесе жоғары сезімталдық жағдайында оны қабылдамаңыз.
- Егер қаптамасы бүлінген болса, бұйымды пайдаланбаңыз.
- Жарамдылық мерзімі, бүлінбеген қаптамадағы дұрыс сақталған жағдайдағы бұйым үшін белгіленген.
- Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі белгісіз екендігіне қарамастан, қатарлас дәрілік терапия жағдайында препараттарды қабылдау мен шәрбатты қолдану арасында бір сағаттық аралықты сақтау ұсынылады.
Сақтау мерзімі
36 ай. Стикті ашқаннан кейін шәрбатты дереу пайдаланыңыз
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
ҚР-МБ (ММБ)-0№029003
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз



