Адсорбикс® Экстра
Кеуектігін күшейтетін ерекше технология бойынша жасалған мықты кеуек глобулярлы құрылымы бар өсімдіктен пайда болған микрондалған белсендірілген көмір, осының арқасында оның сіңіру қабілеті жоғары болады.
Дәрілік түрі
Капсулалар 200 мг
Құрамы
Бір капсулада 200 мг-дық микрондалған белсендірілген көмір сияқты белсенді заты бар,
Қолдану көрсетімдері
Құрамдас терапия құрамында келесі аурулар кезінде:
– тағамдық токсикоинфекция
– дизентерия, сальмонеллез
– энтероколит
– іш өту, метеоризм, шіру, ашу процестері, шырыш гиперсекрециясы, тұзды қышқыл
– химиялық қосылыстардан және дәрілік заттардан улану (оның ішінде, фосфорорганикалық хлор органикалық қосылыстар, психотропты препараттар)
– алкалоидтардан, ауыр металл тұздарынан улану
– токсемия және септикотоксемия барысында күйік ауруы
– созылмалы бүйрек әлсіздігі (жетіспеушілігі)
– созылмалы гепатит, жіті вирустық гепатит, бауыр циррозы
– аллергиялық диатездер, атопиялық дерматиттер, аллергиялық гастроэнтерит, токсикодермия
– абстиненттік ішімдік синдромы
– рентгенологиялық зерттеулерге дайындық (газдың түзілуін азайту үшін)
Қолдану тәсілі және дозалар
Ішке қабылдау үшін тағайындайды. Капсулаларын сумен бірге қабылдау қажет.
Асты немесе дәрілік заттарды қабылдағанға дейін немесе оларды қабылдағаннан кейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін ересектерге 1-3 капсуладан, тәулігіне 3-4 реттен.
Жіті улану және ұйқы безінің қабынуы кезінде жеке жұтқаннан кейін 2-3 тәулік бойы күніне 10 капсулаға дейін қабылдау қажет.
Максималды бір реттік доза – 4 капсула, максималды тәуліктік доза – 12 капсула.
6 жастан асқан балаларға күніне 2 реттен 1-3 капсуладан.
Жіті уланған кезде және жіті ұйқы безінің қабынуы кезінде күніне 2-3 реттен 1-3 капсуладан.
Максималды бір реттік доза 3 капсула, максималды тәуліктік доза – 9 капсула.
Жүктілік пен емізу кезінде
Адсорбикс® Экстра жүктілік пен емізген кезде қолдануға болады.
Қарсы көрсетімдер
– белсендірілген көмірге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
– қарын-ішек бітелуі және ішек бітелсіне күдіктену
– іштің жіті ауруы, ойық жаралы колит, асқазан-ішек жолынан қан ағуы
– балалар жасы 6 жасқа дейін
Шығарылу түрі және қаптама
Контурлы ұяшықта 15 капсуладан. Картонды будада 1 немесе 2 контурлы қаптамадан.
ҚР-ДЗ-5№015914, №N026936 (мерзімсіз)
Қолданар алдында медициналық қолдану нұсқаулығымен танысыңыз және дәрігермен кеңесіңіз