Глиц® ересектерге арналған
Іш өткізгіш дәрілер тік ішектің шырышты қабығының секрециясына баяу ынталандырушы әсер етеді және сонымен бірге дефекация механизмін іске қосады.
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глицерол
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер 2500 мг, №12
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында: 2250 мг глицерин, 190 мг натрий стеараты, 60 мг натрий бикарбонаты.
Тағайындалуы:
– іш қатуды симптоматикалық емдеу
– операциядан кейін немесе ректоскопия алдында ішектің қозғалысын жеңілдету
Қолдану әдісі мен дозасы
Қажеттілігіне қарай 1 рет ректальді 1 суппозиторийден. Тәулігіне 2 суппозиторийден асырмау керек.
Әсері енгізгеннен кейін бірнеше минут ішінде басталады.
Дербес қаптамасын ашар алдында қолыңызды жуыңыз. Енгізуді жеңілдету үшін, суппозиторий салынған блистерді салқын сумен сулаңыз. Алдымен суппозиторийдің ұшы кіріп жатқанына көз жеткізіңіз.
Жүктілік және лактация
2500 мг суппозиторийлерді қолдану тек қажеттілігіне қарай, дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Шығару нысаны мен қаптамасы
Біртекті, мөлдір, түссіз немесе ашық-сары түсті суппозиторийлер. Алюминий блистерде 6 суппозиторийден. Картоннан жасалған қорапшада 2 блистер.
ҚР-МБ (ММБ)-0№024814, №N068436 (Мерзімсіз)
Қолданар алдында медициналық қолдану нұсқаулығымен танысыңыз және дәрігермен кеңесіңіз