
Индива®
Жүктілікті, жүкті және бала емізетін әйелдерді жоспарлау үшін Омега-3 + витаминдер + минералдар
Құрамы
Әрбір қатты мөлдір капсуласының құрамында: Омега-3 май қышқылдарының жалпы мөлшері 572 мг, оның ішінде: EPA (эйкозапентаендық қышқыл) 34 мг (кем дегенде 10%) және DHA (докозагексаендық қышқыл) 200 мг (кем дегенде 40%).
Әрбір жұмсақ қоңыр капсуласының құрамында: С дәрумені – 80 мг, темір – 20 мг, В3 дәрумені – 16 мг, Е дәрумені – 12 мг, мырыш – 7,5 мг, В5 дәрумені – 6 мг, В2 дәрумені – 1,4 мг, В6 дәрумені – 1,4 мг, В1 дәрумені – 1,1 мг, мыс – 1000 мкг, фолий қышқылы – 400 мкг, йод – 150 мкг, Д3 дәрумені – 5 мкг, В12 дәрумені – 2,5 мкг.
Қолдану аясы:
Жүктілікті жоспарлаған, жүкті және бала емізетін әйелдер үшін Омега-3, дәрумендер мен минералдардың қосымша көзі ретінде. Қолданылады:
- Баланың дұрыс өсіп-дамуы үшін: орталық және перифериялық жүйке жүйесі үшін, бас миының, жоғары интеллект пен концентрациясын дамыту үшін, көру қабілеті үшін.
- Кеш уыттанудың (гестоздың) пайда болу тәуекелін төмендету үшін.
Қолдану әдісі және ұсынылатын тәуліктік доза
Бір ашық және бір қоңыр капсуладан күніне бір рет тамақ ішкен кезде қабылдау керек.
Қарсы көрсетімдер
- Өнімнің құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдық.
- Ауыр жарақаттардан немесе хирургиялық операциялардан кейін пайдалану ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар;
Тағамдық биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат емес. Ұсыныстамалық дозадан асыруға болмайды. Ұзақ уақыт бойы басқа поливитаминдік препараттармен бірге тағайындау ұсынылмайды. Құрамында тәттілендіргіш бар. Шамадан тыс тұтыну кезінде іш өткізгіш әсер етуі мүмкін.
Жанама әсерлері
Аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған орында 25°С жоғары емес температура жағдайында сақталады. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Шығару нысаны
Поливинилхлоридті қабыршақтан және алюминий жұқалтырынан жасалған блистердегі 5 қатты мөлдір капсула және 5 жұмсақ қоңыр сопақша капсула. Картон қаптамасындағы 3 блистер (15 + 15 капсуладан) немесе 6 блистер (30 + 30 капсуладан).
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз.
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз



