Лантиген Б
Құрамы
Препараттың бір мл құрамында
белсенді заттар: антигендік сығындылар:
Staphylococcus aureus 79,6 ХБ,
Streptococcus pyogenes (А тобы) 126.2 ХБ,
Streptococcus pneumoniae (3 типті) 63.2 ХБ,
Haemophylus influenzae (b түрі) 50.22 ХБ,
Branhamella catarrhalis 39,9 ХБ,
Klebsiella pneumoniae 39,8 ХБ,
Қолдану көрсетімдері
Ересектер
– қайталанатын тыныс жолдарының инфекцияларының алдын алу үшін; инфекциялық эпизодтардың жиілігін, ауырлығын төмендету
Балалар
– күтілетін жасқа аурудың жоғары жағдайлары бар балаларда жоғарғы тыныс жолдарының қайталанатын бактериялық инфекцияларының алдын алу үшін. Препарат инфекциялық эпизодтардың жиілігі мен ауырлығын төмендетуі мүмкін
– тыныс алу жолдарының инфекцияларын емдеуде басқа препараттармен кешенді қолдану кезінде
Қолдану әдісі мен дозасы
3 айдан 10 жасқа дейінгі балалар: диспенсерді екі рет басу арқылы алынған препарат мөлшеріне сәйкес келетін бір доза (15 тамшы), тіл астына, күніне бір рет (таңертең), немесе дозаның жартысы диспенсерге бір рет (7-8 тамшы) күніне екі рет (таңертең және кешке) басу арқылы алынған препарат мөлшеріне сәйкес келеді.
Өте кішкентай балалар және дәріні жұтпай аузында ұстай алмайтын балаларға ұйқы кезінде төменгі ерін мен төменгі жақтың арасына тамшылар қою арқылы енгізеді.
Ересектер мен 10 жастан асқан балалар: дозаторды екі рет басу арқылы алынған препарат мөлшеріне сәйкес келетін бір доза (15 тамшы), тіл астына; күніне екі рет (таңертең және кешке).
Қолданар алдында құтыны шайқаңыз. Қалқымалы тұнбаның болуы (шайқалғаннан кейін де) мүмкін.
Суспензияның сілекейде жақсы еруіне және осылайша препараттың сіңуін жеңілдетуге мүмкіндік беру үшін әр дозаны жұтпай, аузында 2 минут ұстау керек.
Жүктілік және лактация
Лантиген В препаратын жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану туралы деректер жеткіліксіз. Препарат жүктілік пен лактация кезінде қарсы.
Препараттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері болған жоқ. Бірақ арнайы зерттеулер жүргізілмегенін ескеру қажет.
Қарсы көрсетімдер
– препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық
– аутоиммунды аурулар
– жедел ішек инфекциясы
– 3 айға дейінгі балалардың жасы
– жүктілік және лактация
Шығару нысаны мен қаптамасы
Ішке қабылдайтын тамшылар.
18 мл препарат сары түсті шыны құтыда, пластикалық диспенсермен жабдықталған, қақпақпен тығыздалған. 1 құты картон қорапқа салынған.
ҚР-БП-5№022708, №N043009 (мерзімсіз)
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз және дәрігермен кеңесіңіз.