Мегиаль® Форте
Исландиядан келген Омега -3 жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайтуға, сондай-ақ жүйке, иммундық және басқа жүйелердің қызметін қалыпқа келтіруге арналған.
Құрамы
Бір капсула құрамында:
Омега-3 май қышқылдарының жалпы мөлшері 620 мг құрайды, оның ішінде эйкозапентаеной қышқылы (EPA) 310 мг, докозагексаеной қышқылы (DHA) 205 мг.
Ингредиенттер:
Балық майы (этил эфирлері) 1000 мг, табиғи токоферолдардың қоспасы (антиоксиданттар) (Е 306) 1,5 мг.
капсула құрамы: желатин 264 мг, глицерин (Е422) 112 мг, тазартылған су 8 мг.
1 капсуланың тағамдық құндылығы:
Энергетикалық құндылығы – 42,8 кДж \ 10,4 ккал, ақуыздар – 0,24 г, көмірсулар – 0,10 г, майлар – 1,0 г, қаныққан май қышқылдары – 0,09 г, қанықпаған май қышқылдары – 0,18 г, полиқанықпаған май қышқылдары – 0,73 г.
Әсер ету механизмі
Megial® Forte құрайтын омега-3 май қышқылдары барлық мүшелер мен тіндердің жасушалық мембраналарының маңызды құрылымдық компоненті болып табылатын эйкозапентаен (EPA) және докозагексаен (DHA) қышқылдарымен ұсынылған. Бұл қышқылдар жүрек-қан тамырлары, жүйке және иммундық жүйелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, қабынуға қарсы простагландиндердің түзілуіне және вазодиляцияға ықпал етеді.
Қолдану көрсетімдері
– дислипидемиядан болатын жағдайлардың алдын алу (атеросклероз, метаболикалық синдром, қант диабеті, артық салмақ)
– кешенді терапия аясында:
• Жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, инсульт, нефротикалық синдром
• артериялық гипертензия
• үзік-үзік ақсақтық синдромы бар төменгі аяқтардағы тамырлардың жойылатын атеросклерозы
• атеросклеротикалық және дисциркуляторлы энцефалопатия
• ревматоидты артрит
• псориаз, экзема
• аллергиялық аурулар
Қолдану әдісі және ұсынылатын тәуліктік доза
Ересектер күніне 1 рет тамақтанумен бірге 1 капсуланы қабылдайды.
Қарсы көрсетімдер
Өнім компоненттеріне жоғары сезімталдық. Асқазан -ішек жолдарының ауруларының өршуі.
Шығару нысаны
Табиғи желатинді қабығы бар, ұзын пішінді, мөлдір ақшыл сары маймен толтырылған капсулалар. Блистерде 16 капсула. Картон қорапта 2 блистер.
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз