Мирагель Бэби
Балаларда тіс шыққан кезде пайда болатын симптомдарды емдеу үшін, қызыл иек ауырғанын сезінуді, қабынуды, қышынуды және тітіркенуді азайтуға арналған.
Медициналық бұйымның атауы
Мирагель Бэби, тістер шыққан кезде қызыл иекке арналған гель, сықпада 15 мл
Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы
Құрамы: Дәріханалық түймедақ гүлдері экстрактісі, алоэ вера жапырақтары экстрактісі, гиалурон қышқылы, дамаск раушан күлтелері экстрактісі, мальва сильвестрис экстрактісі, пектин, ксантан шайыры, глицерин, ксилит, калий сорбаты, натрий бензоаты, лимон қышқылы, су.
Сипаты: Ауыз қуысында жергілікті қолдану үшін раушанға тән иісі бар кәріптас түсті мөлдір гель.
Мирагель Бэби қабынған қызыл иектің сезімталдығы мен тітіркенуін азайтады, ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі, сәбиге тіс шығу кезеңінің жеңіл өтуіне ықпал етеді.
Дамаск раушаны, түймедақтың, алоэның және мальваның табиғи экстрактілері қабынуға қарсы және тыныштандырғыш қасиеттерге ие, қышынуды, қабынуды және тітіркенуді тоқтатуға көмектеседі. Гиалурон қышқылы және пектин қызыл иектің бетінде белсенді заттарды ұстайтын қорғаныс үлбірдің қалыптасуына ықпал етеді.
Гельдің құрамында қант, бал, аспартам, сахарин немесе басқа да жасанды тәттілендіргіштер, хош иістендіргіштер, алкоголь, жергілікті анестетиктер, парабендер жоқ.
Канюля мен бұрандалатын қалпақшасы бар ақ полиэтиленді сықпада 15 мл. Қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшада 1 сықпадан.
№ O02-MD Техникалық спецификацияға сәйкес өндірілген.
Тұтынушылар үшін медициналық бұйымды қолдану саласы мен тағайындалуы
Стоматология.
Балаларда тіс шыққан кезде пайда болатын симптомдарды емдеу үшін, қызыл иек ауырғанын сезінуді, қабынуды, қышынуды және тітіркенуді азайтуға арналған.
Қолдану тәсілі және дозалары:
Қабынған аймақты жабу үшін, гельдің жеткілікті мөлшерін жағыңыз және қызыл иекті абайлап уқалаңыз.
Әсер етуді ұзарту үшін, тамақтанудан кейін және ұйқыға дейін пайдаланыңыз. Қажеттілігіне қарай, күніне 3-5 рет пайдаланыңыз.
Медициналық бұйымды пайдалану кезінде сақтық (қауіпсіздік) шаралары және шектеулер бойынша ақпарат
Гель қызыл иекке жағу үшін ғана арналған.
Тұншығу қауіпін болдырмау үшін, медициналық бұйымды сәбидің қолында ешқашан қалдырмаңыз.
Егер контейнер алғашқы ашқан кезде зақымдалса, өнімді пайдаланбаңыз.
Пайдаланар алдында медициналық бұйымда сыну мен тозу іздерінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Егер симптомдар кетпесе, дәрігерге жүгініңіз.
6 айға толмаған балаларға Мирагель Бэбиді пайдалану ұсынылмайды.
Қалдықты немесе мерзімі өткен өнімді кәдімгі тұрмыстық қалдықтар ретінде утилизациялауға болады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ. Мирагель Бэбидің кез келген компонентіне жоғары сезімталдық (аллергия) болған кезде қолдаңбаңыз.
Сақтау мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
ҚР-ММБ-5№020713, №N075333(мерзімсіз)
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз