Теноксикам-Сэлтфар
Халықаралық патенттелмеген атауы
Теноксикам
Құрамы
Ішінде еріткіші бар бір ампулада
Инъекцияға арналған 2 мл су
Қалпына келтірілген Теноксикам ерітіндісінің құрамында 10 мг / мл теноксикам бар.
Дәрілік түрі, дозалануы
Бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 20 мг лиофилизат, еріткішімен жиынтықта (инъекцияға арналған 2 мл су)
Қолданылуы
– остеоартритте, ревматоидты артритте, шорбуынданатын спондилитте және жедел подагралық артритте ауырудан және қабынудан жеңілдету үшін;
– тірек-қимыл аппаратының созылуларды қоса, шығуларды және жұмсақ тіндердің басқа да зақымдануларын қысқа мерзімдік емдеу үшін.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Жағымсыз әсерлері бір-екі күн тиімді ең төмен дозаны пайдалану арқылы ең төменге жеткізілуі мүмкін, содан кейін емдеуді пероральді түрде жалғастыру керек.
Жедел подаградан және операциядан кейінгі ауырудан басқасында, барлық көрсетілімдер бойынша, күннің белгілі бір уақытында тәулігіне 1 рет 20 мг енгізу керек.
Айқын ауыру синдромында, операциядан кейінгі кезеңде, дозаны 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады.
Подагралық артриттің жедел ұстамаларында: алғашқы 2-3 күн бойы тәулігіне 2 рет 20 мг, содан кейін 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 20 мг.
Созылмалы ауруларды емдегенде демеуші доза тәулігіне 10 мг құрайды.
Созылмалы ауруларда 20 мг-ден жоғары тәуліктік дозаны қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл тиімділігінің елеулі жоғарылауынсыз жағымсыз реакциялардың жиілігін және қарқындылығын арттырады.
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге арналған.
Құтыдағы лиофилизатты дәрілік затпен бірге салынған инъекцияға арналған 2 мл стерильді суда еріту керек. Дайындалған ерітіндіні бірден бұлшықет ішіне (б/і) немесе вена ішіне (в/і) болюсті түрде енгізу керек.
Шөгінді түзілуі мүмкін болғандықтан, оны инфузия жолымен пайдалануға болмайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– салицилаттарға, ибупрофенге, аспиринге немесе басқа ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық (демікпе симптомдарын, ринитті, ангионевроздық ісінуді немесе есекжемді қоса)
– асқазан-ішектік қан кету (мелена, қан құсу), мұның алдында ҚҚСД қолданудан туындаған перфорация, немесе анамнезде ауыр гастриттің болуы
– белсенді немесе анамнезінде бар қайталанатын пептикалық ойық жара/қан кету (ойық жара немесе қан кетулер екендігі дәлелденген өте айқын екі немесе одан көбірек жағдайлар)
– жүрек, бүйрек немесе бауыр функцияларының ауыр жеткіліксіздігі
– коронарлы артерияларды шунттауға операция (CABG) жасау кезінде операция алдындағы ауыруды сездірмеу
– жүктіліктің III триместрі және лактация кезеңі
– 18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
ҚР-ДЗ-5№024918, №N074443 (16.05.2024г. бастап 05.02.2026г. дейін)
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз