Aвируспрей®
Тамақтың жедел және созылмалы қабыну ауруларын (тонзиллиттерді, фарингиттерді), тамақтың құрғақ жөтелден туындаған тітіркенуін емдеу үшін қолданылады.
Салқындық, түтін, тұмша, шаң сияқты сыртқы зиянды факторлардың әсеріне қарсы бөгет ретінде әсер береді.
Медициналық бұйымның атауы
Aвируспрей®, тамаққа арналған спрей, құтыда 20 мл
Медициналық бұйымның құрамы мен сипаттамасы
Оториноларингологияда қолдануға арналған дәрі: тамаққа арналған спрей, шыныдан/ПЭТ-тен жасалған, көлемі 20 мл құтада, көмейге бүркіп шашатын қондырмасымен жиынтықта. 1 құтыдан медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамада.
Құрамы: Стандартталған және титрленген гидроглицеринді прополис экстрактісі (Propolis extract), жалбызтікен экстрактісі (Althaea extract), полисахаридтермен титрленген исландиялық мүк экстрактісі (Icelandic moss extract), полисахаридтер концентрациясы жоғары алоэ вера экстрактісі (Aloe Vera extract), бал, фруктоза, тазартылған су, өсімдіктен алынған глицерин, ксантан шайыры, аскорбин қышқылы, сукралоза, калий сорбаты, полисорбат 80, табиғи жалбыз хош иістендіргіші.
Құрамында глютен мен алкоголь жоқ.
№ QCT-0067-17 / 25-20 сертификатына сәйкес өндірілген.
Aвируспрей®, құрамында табиғи экстрактілер болуының арқасында, тамақта қорғағыш үлбір түзеді, жұтынған кезде ашытуын, ауыруын және сезімталдығын азайтады. Тамақтың шырышты қабығына қабынуға қарсы, ылғалдандыратын, қорғағыш, таныштандыратын, жұмсартатын әсер береді.
Тұтынушылар үшін медициналық бұйымды қолдану саласы мен тағайындалуы
Тамақтың жедел және созылмалы қабыну ауруларын (тонзиллиттерді, фарингиттерді), тамақтың құрғақ жөтелден туындаған тітіркенуін емдеу үшін қолданылады.
Салқындық, түтін, тұмша, шаң сияқты сыртқы зиянды факторлардың әсеріне қарсы бөгет ретінде әсер береді.
Aвируспрей® тамақты тітіркенуден қорғайды, жұтынған кезде ауыруын жеңілдетеді.
Қолдану тәсілі және дозалары
Алғаш пайдаланар алдында құтыны сілку керек. Дозаторын ауыз қуысына барынша тереңірек салыңыз және, басып, тамаққа қарай бүркіп шашыңыз.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: 2 дозасы күніне 3-4 рет.
6 жастан асқан балаларға: 2 дозасы күніне 5 ретке дейін.
Ересектерге: 4 дозасы күніне 5 ретке дейін.
Медициналық бұйымды пайдалану кезінде сақтық (қауіпсіздік) шаралары және шектеулер бойынша ақпарат
Егер кез келген компонентіне аллергия немесе аса жоғары сезімталдық бар болса, қабылдауға болмайды.
Егер қаптамасы бүлінген болса, пайдалануға болмайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
2 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Сақтау мерзімі
2,5 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, бөлме температурасында, жарықтан алыс, құрғақ және салқын жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
ҚР-ММБ-5№022425, №N049407 (мерзімсіз)
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз