
Десмивен Ультра
Веналық-лимфа жеткіліксіздігін емдеу
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 1000 мг микрондалған диосмин.
Қолданылуы
- аяқтың веналық-лимфа жеткіліксіздігін (күш салу, аяқтағы ауырлық, ауыру, ісіну, балтыр бұлшықеттерінің құрысуы) емдеу;
- геморроидальді веналардың аурулары. Геморроидальді аурумен байланысты симптомдардың асқынуын емдеу.
Қолдану әдісі және ұсынылатын доза
Ересектер:
• Аяқтың созылмалы веналық жеткіліксіздігі кезінде: күніне 1 таблеткадан, таңертең тамақтану кезінде.
Егер аурудың симптомдары нашарласа немесе 6 апта емдеуден кейін жақсармаса, пациент дәрігерге жүгіну қажет.
Дегенмен, егер дәрігер басқа мақсатты бағытталған емдеуді қолдануды қажет деп санамаса, пациент Десмивен Ультраны едәуір ұзақ кезең бойы қабылдауды жалғастыруы мүмкін.
• Геморрой симптомдарының асқынуы: тамақтану кезінде күніне үш рет 1 таблеткадан, 4 күн бойы; осыдан кейін күніне екі рет 1 таблеткадан, тағы 3 күн бойы.
Егер аурудың симптомдары жақсармаса немесе 7 күн емдеуден кейін нашарласа, пациентке дәрігерге жүгіну керек. Десмивен Ультрамен өзін-өзі емдеу 7 күн бойы жалғасуы мүмкін – егер бұл кезең ішінде симптомдар жоғалмаса, пациентке емдеуші дәрігерге жүгіну керек.
Балалар:
Десмивен Ультра деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде дозалауға зерттеу жүргізілген жоқ. Қолда бар деректер негізінде пациенттердің осы топтары үшін ешқандай спецификалық қауіп белгіленген жоқ.
Жүктілік және лактация
Жүктілік
Жүктілік кезінде диосминді қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер диосминнің аздаған мөлшері плацента арқылы өтетінін көрсетті; дегенмен, мұндай деректер жүктілікке және шарананың/эмбрионның дамуына қандай да бір тікелей немесе жанама жағымсыз әсерді растамайды.
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде препаратты қолданудан аулақ болу керек.
Бала емізу
Диосминнің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Дәрілік затты бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Қарсы көрсетімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- бала емізу кезеңінде
- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шаралары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ//алюминийден жасалған мөлдір түссіз пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.



