Флюримам®
С дәруменінің, мырыштың және өсімдік экстрактілерінің қосымша көзі ретінде, балалардағы суық тию аурулары кезінде иммунитетті арттыру үшін.
– Организмнің суық тию ауруларына төзімділігін арттыру үшін.
Құрамы
1 сашенің ішінде:
Жөке гүлдері 100 мг, жалбызтікен тамыры 100 мг, құлқайыр гүлдері 100 мг, жебіршөп шөптері 50 мг, L-аскорбин қышқылы (С дәрумені) 40 мг, мырыш цитраты 12,812 мг, итмұрын жемістері 12 мг.
Қосымша заттар: мальтодекстрин 2231,7 мг, қоюландырғыштар: қараған шайыры, ксантан шайыры (Е414) 200 мг; табиғи ванильді хош иістендіргіш 150 мг; бірігуге қарсы агент: кремнийдің қостотығы 3,5 мг.
Тәуліктік мөлшері | 1 саше |
С дәрумені | 40 мг (50% -ЖКД *) |
Мырыш | 4 мг (40% -ЖКД *) |
ЖКД*-тан %, ЕСГТ, 5-қосымша
Ерітіндінің дәмі жағымды.
Қолдану саласы
С дәруменінің, мырыштың және өсімдік экстрактілерінің қосымша көзі ретінде, балалардағы суық тию аурулары кезінде иммунитетті арттыру үшін.
– Организмнің суық тию ауруларына төзімділігін арттыру үшін.
Қасиеттері
Жөке гүлдері – табиғи антисептик болып табылады. Өсімдіктің құрамына кіретін экстрактілер жалпы нығайтатын және антиоксиданттық әсер береді, тер бөлінуін күшейтіп, токсиндердің организмнен шығарылуына ықпал етеді.
Жалбызтікен тамыры – құрамында шырыш көптігінің арқасында, жүйке ұштарын және жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының жөтел рецепторларын қорғайтын бөгет түзеді. Өсімдіктің құрамына кіретін қосылыстар иммуномодуляциялайтын, антиоксиданттық және сергітетін қасиеттерге ие.
Құлқайыр – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын бүркегіш әсер бере отырып, оларды тітіркенуден қорғайды.
Құлқайыр полисахаридтері иммуномодуляторлық қасиеттерге ие.
Жебіршөп – құрамында фитонцидтер мен фенолдар болуының арқасында, организмнің патогенді флорасын бәсеңдететін антисептикалық және дезинфекциялайтын белсенділікке ие.
Итмұрын – өсімдіктің жемістерінде көп болатын күшті антиоксиданттар организмге уыттану белгілерін жеңуге көмектеседі.
Мырыш – организмнің суық тию ауруларына төзімділігін арттырады.
С дәрумені – иммунитетті көтереді, организмнің жасушаларын бос радикалдардың зиянды әсерінен қорғайды, олардың артық мөлшері қабыну кезінде пайда болады.
Қолдану тәсілі және ұсынылған тәуліктік доза
3 жастағы және асқан балалар үшін. 1 сашені бір стақан (150 мл) жылы немесе ыстық суда еріту керек. Тамақтанғаннан кейін күніне 1 сашеден.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Компоненттерге жеке төзбеушілік кезінде.
Шығарылу түрі
3 г-дан сашедегі ұнтақ. 6, 10 және 12 сашеден картон қаптамада.
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз