Мелатония® Ретард
Ұйқының бұзылуы, оның ішінде егде жастағы пациенттерде. “Ұйқы-сергек жүру” режимінің, оның ішінде десинхроноз кезінде (уақыт белдеулерінің күрт өзгеруі) бұзылуынан туындаған қалыпты тәуліктік (циркадты) ырғақтың бұзылуында.
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мелатонин
Құрамы
Босап шығуы ұзаққа созылатын таблеткалар, 2 мг
Қолданылуы
- ұйқының бұзылуы, оның ішінде егде жастағы пациенттерде
- “ұйқы-сергек жүру” режимінің, оның ішінде десинхроноз кезінде (уақыт белдеулерінің күрт өзгеруі) бұзылуынан туындаған қалыпты тәуліктік (циркадты) ырғақтың бұзылуында
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Ересектерге 1-2 сағат бұрын 1 таблеткадан, ұйқыға дейін және тамақтан кейін, күніне бір рет. Емдеу ұзақтығы 13 аптадан аспауы тиіс.
Уақыт белдеулерін ауыстырғанда адаптоген ретінде: ұшуға 1 күн қалғанда және кейінгі 2-5 күнде ұйқыға 1 сағат қалғанда 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза күніне 2 таблеткаға дейін.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке. Таблетканы шайнамай, тұтастай жұтып қою керек. Жұтуды жеңілдету үшін ұсақтамаған немесе шайнамаған жөн.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының айқын бұзылуы, бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі
- аутоиммунды аурулар
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, түпнұсқалық қаптамасында, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
ҚР-ДЗ-5№ 025617, №N048290 14.02.2022 ж. бастап (14.02.2027 ж. дейін)
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз