
Цицибон® Форте
Зәр шығарудың қалыпқа келуіне ықпал етеді, созылмалы циститтің қайталап өршу қаупін азайтады, бүйрек пен несеп жолдарының функционалдық жағдайын жақсартады.
Құрамы
1 капсуланың құрамында: американдық мүкжидектің (жидек) (Vaccinium macrocarpon) құрғақ сығындысы (стандартталған мин. 50% ПАЦ) 300 мг, бұл 150 мг ПАЦ-қа сәйкес келеді, аюқұлақтың құрғақ сығындысы (Arctostaphylos uva-ursi) (мин. 20% арбутин), L-аскорбин қышқылы (C дәрумені), ортосифон құрғақ сығындысы (Ява шайының жапырақтары) (мин. 0,1% синенсетин).
Қосалқы заттар: тальк – 50 мг (толтырғыш), микрокристалдық целлюлоза – 20 мг; жентектеу баяулатқышы (магний оксиді – 5 мг, аэросил 200 – 5 мг, магний стеараты – 5 мг). Қабықша: өсімдік мөлдір капсулалар (гидроксипропилметилцеллюлоза) №0.
Қасиеттер
Мүкжидектің стандартталған сығындысы проантоцианидиндердің немесе ПАЦ жоғары концентрациясы бар солтүстік америкалық қызыл мүкжидектен шығарылады (Vaccinium Macrocarpon). Бірқатар ғылыми зерттеулер (Howell және авторлас., Phytochemistry журналы, 2005 жыл) бактериялық агенттерге қатысты дәл ПАЦ-тың белсенділікке ие болатынын көрсетті. Ол бактериялардың несеп шығару жолдарына төселген эпителий жасушаларына жабысуына кедергі келтіреді, ал бұл бактерияларға қуықтың қабырғаларына бекітілуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бактериялық қабықшаның зақымдануы орын алады, ал бұл несеп-жыныс жүйесі эпителийінің бетінде ауру тудырғыш микроағзалардың көбеюіне кедергі келтіреді.
Цицибон® Форте тиімділігі сығындылардың жоғары концентрациясымен түсіндіріледі. Цицибон Форте 2 капсуласы 300 мг ПАЦ-қа сәйкес келеді.
С дәрумені әйелдерде циститтің даму жиілігін төмендетеді, сонымен қатар ПАЦ қасиеттерін күшейтеді.
Аюқұлақ жапырақтарының құрғақ сығындысы Аюқұлақ жапырақтары құрамында бірқатар флавоноидтар және органикалық қышқылдар бар, бірақ аюқұлақты пайдаланудан негізгі әсер несеп-жыныстық жүйеде қабыну процестері болған кезде несеп айдағыш әсер етуді күшейтуге себептесетін глюкозид арбутиннің болуымен шартталған.
Ортосифон (ява шайы) жағымсыз ауырсыну түйсіктерінен, ашып ауырудан арылтуға және несеп шығарған кезде несептің шығуын жеңілдетуге көмектеседі.
Қолдану тәсілі
Ересектерге, тамақ ішкен кезде бір стақан сумен күніне 2 рет 1 капсуладан, тәңертең біреу және түнге біреу.
Цицибон® Форте кемінде 1 ай бойы қабылдану қажет.
Егер несеп шығару жолдарының инфекцияларын антибиотиктермен емдеу жүргізілсе, антибиотикотерапия курсы аяқталған соң Цицибон® Форте кем дегенде тағы 3 апта бойы қабылдану қажет.
Несеп шығару жүйесінің тарапынан жылына 3 рет және одан да көп қайталанатын бұзылыстар кезінде Цицибон® Форте үш ай бойы, әр айда екі апта бойы, түнге 1 капсуладан қабылдану қажет.
Ауа-райының маусымдық өзгерістерінің, ылғалды/ыстық ауа-райының, стрестің, саяхаттардың, нашар гигиена жағдайларының несеп шығару жолдарының тарапынан өзгерістерді тудыруы мүмкін екені расталды. Оларды ескерту үшін әйелдер қолайсыз факторлардың бүкіл әсер етуі кезінде Цицибон® Форте қабылдауы мүмкін.
Қарсы көрсетімдер
КЖТ компоненттерінің жеке көтере алмаушылығы кезінде.
Құрамында аюқұлақ болғандықтан жүктілік және емшекпен емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Цицибон® Форте ұсынбалы мөлшерлемелерде қабылдау жанама реакцияларды тудырмайды.
Ерекше нұсқаулар
Тағамға биологиялық белсенді қоспа, дәрі болып табылмайды.
Ұсынылған мөлшерлемені асырмаңыз.
Варфаринді және бірмезетте мүкжидекті немесе оның шырынын қабылдайтын емделушілерге қан ағудың пайда болу қаупімен олардың әлеуетті ықтималды өзара әрекеттесуіне назар аудару қажет.
Сақтау шарттары
+25 °С-тан аспайтын температура кезінде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі аяқталған соң қолданбаңыз.
Шығару нысаны
Полиэтилен флаконында (РЕ 2) 30 өсімдік капсула. Картонды қаптамада 1 флакон (РАР 21).
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз



