
Лаваль-Сэлтфар®
Шаштың түсуін болдырмайды және тоқтатады, шаш құрылымын жақсартады, шаштың өсуін жақсартады, сынғыш және сынған тырнақтарды жояды.
Құрамы
Біріктірілген құралы
Құрамында: BIOTINAX® (D, L – метионин, L – цистеин, D – Биотин)
В5 витамині; Е витамині; Мырыш; В6 витамині; Мыс; Фолий қышқылы; Селен
Қолдану көрсетімдері
Шашты, тырнақты және теріні қоректендіруге, нығайтуға, жай-күйін жақсартуға арналған дәрумендердің, минералдардың, аминқышқылдарының қосымша көзі ретінде:
- шаштың түсуіне қарсы;
- шаш түйіншелерін нығайту үшін;
- шаштың, тырнақтың құрылымын және терінің жай-күйін жақсарту үшін;
- тырнақтардың сынғыштығына және қатпарлануына қарсы;
- терінің май бездерінің функциясын қалыпқа келтіру үшін.
Лаваль-Сэлтфар® кешенінің негізі – шаш пен тырнақты нығайту үшін арнайы әзірленген патенттелген BIOTINAX® формуласы. BIOTINAX® құрамында шаш пен тырнақ құрылымының қалыптасуы үшін қажетті кератиннің түзілуіне қатысатын, шаш түйіншелерінің тез қалпына келуіне ықпал ететін, сондай-ақ, тырнақ пластинкаларына айқын қорғағыш әсер беретін аса маңызды аминқышқылдары, метионин, цистеин және Биотин бар.
Қоректік әсері: Фолий қышқылы аминқышқылдарының метаболизмінде және шаш пен тырнақ жасушаларының өсуіне қажетті ақуыздардың синтезінде маңызды рөл атқарады. Шаш пен тырнақтың саулығын сақтайды.
В5 дәрумені (пантотен қышқылы) шашты қалың әрі жылтыр етеді, оларға күш пен серпімділік береді, бас терісінің саулығын сақтайды.
В6 дәрумені (пиридоксин) қышуды, бас терісінің құрғауын және қайызғақтың алдын алады.
Бос радикалдарға қарсы әсері: Е дәрумені, селен, мыс және мырыш антиоксиданттық әсер беруіне ықпал етеді, бос радикалдарды бейтараптандырады, жасушалардың қартаю үдерісімен күреседі және шаш пен тырнақтың жаңаруын жеделдетеді, шаш пен тырнақтың жай-күйлерінің жас шамасына байланысты нашарлауының табиғи үдерісін баяулатады.
Тері майының өндірілуін теңдестірудегі әсері: мырыш пен биотин тері және бастың шашты бөлігі деңгейінде тері майы өндірілуінің теңгерімін қалпына келтіреді, май бездерінің қызметін қалыптандырады, шаштың шамадан тыс майлануына жол бермейді. Тері майларының алмасуын бақылауда ұстайды, акне тудыратын қабынуды азайта отырып, терінің қалпына келу үдерістерін жеделдетеді.
Пигментациялық әсері: мыс шаш түсінің қанықтығын және тұрақтылығын қамтамасыз ететін пигменттердің құрамына кіреді, ақ шаштың мерзімінен бұрын пайда болуының алдын алады.
Қолдану әдісі және ұсынылатын тәуліктік доза
1 ретард-капсуладан күніне бір рет, дұрысы таңертең, тамақтану кезінде, сумен ішеді. Қолданылуының ең аз курсы — 2–3 ай. Қажет болған жағдайда, қабылдауды қайталауға болады.
Ерекше нұсқаулар
Тағамға биологиялық белсенді қоспа. Дәрі емес.
Күнделікті ұсынылатын дозасынан асырмау керек. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Лаваль-Сэлтфар® жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға қолдануға рұқсат етілген.
Қарсы көрсетімдер
Өнім компоненттеріне жоғары сезімталдық
Сақтау шарттары
Құрғақ, балалардың қолы жетпейтін жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Шығару нысаны
Лаваль-Сэлтфар® белсенді заттары ұзақ (біртіндеп) босап шығатын ретард-капсулалар түрінде шығарылады, бұл компоненттерінің барынша толық сіңірілуіне ықпал етеді. Әр капсуланың құрамында төрт шағын таблетка бар: екеуінің құрамында аминқышқылдары мен минералдар, ал қалған екеуінде — аминқышқылдары мен дәрумендер бар. Капсула асқазан сөліне төзімді, асқазан арқылы өтеді және ішекке түседі, ол жерде таблеткалар құрамындағы қоректік заттарды организмнің біртіндеп және толығымен пайдалануына мүмкіндік беру үшін түрлі уақыт аралықтарында ериді. Капсула толығымен табиғи, өсімдік талшығынан өндіріледі.
Поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған блистерде 10 капсуладан. Картон қаптамада 3 блистер.
Қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысыңыз



