Цицибон® Форте
Зәр шығарудың қалыпқа келуіне ықпал етеді, созылмалы циститтің қайталап өршу қаупін азайтады, бүйрек пен несеп жолдарының функционалдық жағдайын жақсартады.
Құрамы
1 капсуланың құрамында:
Цицибон® Форте несеп шығару жүйесінің функционалдық күйін жақсартуға арналған проантоцианидиндердің және С дәруменінің қосымша көзі ретінде көрсетілген.
Цицибон® Форте – бұл жұмсақ капсула өнімі. Проантоцианид құрамына стандартталған (ПАЦ) ірі мүкжидек (Vaccinium macrocarpon) сығындысымен (25: 1) оңтайлы сәйкестендірілген композиция.
Цицибон® Форте несеп шығару жолдарының функциялары бұзылған кезде қолдануға ұсынылады. Мүкжидек адамның денсаулығына оң әсер ететін дәрумендердің, биофлавоноидтердің, фенол қоспаларының және басқа да табиғи заттардың бай көзі болып табылады. Мүкжидек сығындысы қуық қабырғасына және уретраға төселген жасушаларда ауру тудырғыш микроағзалардың көбеюіне кедергі келтіреді (ең бастысы Escherichia Coli – 85% жағдайларда несеп шығару инфекцияларының себептері).
Цицибон® Форте қолдануды антибиотиктермен үйлестіруге болады. Цицибон® Форте күнделікті тұтыну несеп шығару жолдарының қайталама ауруларынан қорғауды және несеп шығару жүйесінің сау күйін сақтауды қамтамасыз етеді.
Қасиеттер
Мүкжидектің стандартталған сығындысы проантоцианидиндердің немесе ПАЦ жоғары концентрациясы бар солтүстік америкалық қызыл мүкжидектен шығарылады (Vaccinium Macrocarpon). Бірқатар ғылыми зерттеулер (Howell және авторлас., Phytochemistry журналы, 2005 жыл) бактериялық агенттерге қатысты дәл ПАЦ-тың белсенділікке ие болатынын көрсетті. Ол бактериялардың несеп шығару жолдарына төселген эпителий жасушаларына жабысуына кедергі келтіреді, ал бұл бактерияларға қуықтың қабырғаларына бекітілуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бактериялық қабықшаның зақымдануы орын алады, ал бұл несеп-жыныс жүйесі эпителийінің бетінде ауру тудырғыш микроағзалардың көбеюіне кедергі келтіреді.
Цицибон® Форте тиімділігі сығындылардың жоғары концентрациясымен түсіндіріледі. Цицибон Форте 2 капсуласы 300 мг ПАЦ-қа сәйкес келеді.
С дәрумені әйелдерде циститтің даму жиілігін төмендетеді, сонымен қатар ПАЦ қасиеттерін күшейтеді.
Аюқұлақ жапырақтарының құрғақ сығындысы Аюқұлақ жапырақтары құрамында бірқатар флавоноидтар және органикалық қышқылдар бар, бірақ аюқұлақты пайдаланудан негізгі әсер несеп-жыныстық жүйеде қабыну процестері болған кезде несеп айдағыш әсер етуді күшейтуге себептесетін глюкозид арбутиннің болуымен шартталған.
Қолдану тәсілі
Ересектерге, тамақ ішкен кезде бір стақан сумен күніне 2 рет 1 капсуладан, тәңертең біреу және түнге біреу.
Цицибон® Форте кемінде 1 ай бойы қабылдану қажет.
Егер несеп шығару жолдарының инфекцияларын антибиотиктермен емдеу жүргізілсе, антибиотикотерапия курсы аяқталған соң Цицибон® Форте кем дегенде тағы 3 апта бойы қабылдану қажет.
Несеп шығару жүйесінің тарапынан жылына 3 рет және одан да көп қайталанатын бұзылыстар кезінде Цицибон® Форте үш ай бойы, әр айда екі апта бойы, түнге 1 капсуладан қабылдану қажет.
Ауа-райының маусымдық өзгерістерінің, ылғалды/ыстық ауа-райының, стрестің, саяхаттардың, нашар гигиена жағдайларының несеп шығару жолдарының тарапынан өзгерістерді тудыруы мүмкін екені расталды. Оларды ескерту үшін әйелдер қолайсыз факторлардың бүкіл әсер етуі кезінде Цицибон® Форте қабылдауы мүмкін.
Қарсы көрсетімдер
КЖТ компоненттерінің жеке көтере алмаушылығы кезінде.
Құрамында аюқұлақ болғандықтан жүктілік және емшекпен емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Цицибон® Форте ұсынбалы мөлшерлемелерде қабылдау жанама реакцияларды тудырмайды.
Ерекше нұсқаулар
Тағамға биологиялық белсенді қоспа, дәрі болып табылмайды.
Ұсынылған мөлшерлемені асырмаңыз.
Варфаринді және бірмезетте мүкжидекті немесе оның шырынын қабылдайтын емделушілерге қан ағудың пайда болу қаупімен олардың әлеуетті ықтималды өзара әрекеттесуіне назар аудару қажет.
Шығару нысаны
Полиэтилен флаконында (РЕ 2) 30 өсімдік капсула. Картонды қаптамада 1 флакон (РАР 21).
Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз, дәрігермен кеңесіңіз