Глиц® балаларға арналған
Іш өткізгіш дәрілер тік ішектің шырышты қабығының секрециясына баяу ынталандырушы әсер етеді және сонымен бірге дефекация механизмін іске қосады.
Халықаралық патенттелмеген атауы
Глицерол
Дәрілік түрі
Ректальді суппозиторийлер 1500 мг, №12
Медициналық бұйымның атауы
ГЛИЦ® балаларға арналған, ректальді суппозиторийлер 1500 мг, № 12
Медициналық бұйымның құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында: 1375 мг глицерин, 95 мг натрий стеараты, 30 мг натрий бикарбонаты.
Тағайындалуы:
– балалардағы іш қатуда
– хирургиялық араласымдардан кейін немесе ректоскопия алдында дефекация үдерісін жеңілдету үшін.
Қолдану тәсілі
2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар
Қажеттілігіне қарай 1 рет ректальді 1 суппозиторийден. Тәулігіне 2 суппозиторийден асырмау керек.
Әсері енгізгеннен кейін бірнеше минут ішінде басталады.
Дербес қаптамасын ашар алдында қолыңызды жуыңыз. Енгізуді жеңілдету үшін, суппозиторий салынған блистерді салқын сумен сулаңыз. Алдымен суппозиторийдің ұшы кіріп жатқанына көз жеткізіңіз.
Медициналық бұйымды сақтау мерзімі және жарамдылық мерзімі
5 жыл.
Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
ҚР-МБ (ММБ)-0№024732, №N068435 (Мерзімсіз)
Қолданар алдында медициналық қолдану нұсқаулығымен танысыңыз және дәрігермен кеңесіңіз